“Абат ауыл” және “Абат махалла” бағдарламалары аясында облыста кең көлемді құрылыс және абаттандыру істері жүргізілуде. Оған 1,3 триллион сум қаржы бөлінген.
Облыста үстіміздегі жылы 6 мың 346 үйдің 271-і көпқабатты, сондай-ақ ипотека негізінде 2 мың 500 жеке тәртіптегі үйлер құрылады. Сондай-ақ осы бағдарлама негізінде 2 мың 710 үйлерге субсидия бөлінеді.
Нәтижеде тұрғындар өзі үйлерінде кәсіптік, қолөнершілік, тігіншілік, қызмет көрсету және басқа кәсіпкерлік қызметін кеңейту мүмкіндігіне ие болады.
- Міне, жуырда Әндіжан ауданында 4 мың гектарлық адыр жерге құрылатын Жаңа Әндіжан қаласының ірге тасын қаладық. Осы жаңа қалада жалпы 130 мыңнан астам пәтерлі көпқабатты үйлер, білім беру, денсаулық сақтау, сауда және қызмет көрсету орындары, өндіріс зоналары, жасыл аймақтар мен инфрақұрылымдар құрылады. Жаңа Әндіжан жобасы — тұрғындар үшін лайықты жағдайларды жаратумен бірге , үлкен құрылыс және жасампаздық істерін жүзеге асыру арқылы, облысты дамыту бойынша жаңа “драйвер” болады,— деді Шавкат Мирзияев.
Бұл жоба арқылы құрылыс материалдары, электртехника, мебель жөндеу, тоқымашылық, полиэстер мен жасанды талшық өндіру және қызмет көрсету сияқты бағыттарда көптеген жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалады.
Аталмыш үлкен құрылыс үдерісінде 10 мың жаңа жұмыс орны, қала құрылысы аяқталғаннан кейін, өндіріс және қызмет көрсету салалары бойынша шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны жаратылады.
Президентіміз 2022 жылы 1 марттан бастап Әндіжан қаласының құрамына Жаңа Әндіжан ауданы ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
Жаңа Әндіжан аумағында жылдам транспорт қатынауы жолға қойылады. Ташкент қаласында және Әндіжанда Түркияның тәжірибелі жоба копанияларының флиалдары ұйымдастырылып, мамандарды оқыту белгіленеді.