Жаңа жыл мерекесіне байланысты Ташкентте кейбір көшелер бір айдан көп уақытқа жабылады

    Ағымдағы жылдың 10 декабрьден 2025 жылдың 15 январына дейін төмендегі көшелерде транспорт қозғалысы шектеледі.

    Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға дайындық жасау, оны өткізу, мерекелік шараларды өткізу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында үстіміздегі жылдың 10 декабрьден 15 январға дейін төмендегі көшелерде көлік қозғалысына шектеулер қойылады.

    — Зарафшан көшесінің “Hyatt Regency Tashkent” қонақ үйінің күзет пункті мен Матбуотшылар көшелерінің аралығындағы бөлігі;

    — Истиқлал көшесінің А.Темур және Буюк Турон көшелерінің аралығындағы бөлігі;

    — Буюк Турон көшесінің Истиқлол көшесінің қиылысынан Жастар шығармашылық сарайына дейінгі бөлігінде автотранспорт қозғалысына шектеу қойылады.

    Жүргізушілерге осы кезеңде баламалы бағыттарды пайдалану ұсынылады.