Ақпарат үшін, «Summit Motors Central Asia» шетелдік компаниясы 2019 жылдан бері “Toyota” компаниясының Өзбекстандағы ресми дистрибьюторы болып табылады.

Кездесуде шетел компанияларының еліміздің туризм саласындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда, туристерге көрсетілетін көлік қызметін жетілдіруде «Toyota» брендімен турстік сыныпқа лайықты М2 және М3 санатындағы автомобильдерді кең пайдалану бойынша ынтымақтастық болашақтары талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде шетелдік компаниялардың «Toyota»  брендімен туристік сыныпқа лайықты автокөліктерді туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне ұзақ мерзімді лизинг шарттары негізінде жалға беруі және елімізге шетелдерден чартер әуеқатынауларын жолға қоюда ынтымақтастық орнату туралы пікір алмасылды.

Кездесу соңында еліміздің туризм әлеуетін аталмыш компаниялар әзірлеген туристік сыныпқа лайықты М2 және М3 санаттағы автотранспорттарда насихаттауға келісілді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.