Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 14 январында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Indorama Сorporation директоры Пракаш Кежривалмен кездесті. Диалог кезінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.
Анықтама үшін: Кәсіпорын әлемнің 22 елінде 39 өндірістік қуатқа ие, Азияда келебе-жіп өндіру бойынша 1-орынды, полистер, синтетикалық маталар және химиялық тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемде жетекші орынды иелейді.
Өзбекстанда Сингапурдың Indorama Сorporation тарапынан келебе-жіп және дайын тоқымашылық өнімдерін өндіру кәсіпорындары, суперфосфат және аммиак шығаратын зауыттары құрылып, табысты жұмыс істеуде.
Сингапур тарапы Өзбекстанның қарқынды дамуы мен жүзеге асырылып жатқан реформалардың тиімділігін жоғары бағалады. Жүйелі жанасудың арқасында Cotton Campaign коалициясының бойкотының күші жойылғаны, Өзбекстан Еуропаның GSP+ жеңілдіктер жүйесінің бенефициары мәртебесін алу мүмкін екені атап өтілді. Бұл өз кезегінде, дайын тоқымашылық және химия өнімдері экспортының өсу динамикасына оң әсерін тигізді. Осыған байланысты компания басшылығының ынтымақтастықты жалғастыруға деген қызығушылығы өте үлкен.
Кездесуде тоқымашылық және химия өнеркәсібінде жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздейтін стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Meinhardt Group төрағасы Шахзод Насиммен келіссөздер барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттарына негізделген бірлескен жобаларды, сонымен қатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Анықтама үшін: Meinhardt group Сингапурдағы ең ірі инженерлік және инвестициялық кәсіпорын саналып, бүкіл әлем бойынша 510 ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандарды құру жобаларына қатысады. Жұмысшылар саны 5 мың адамды құрайды.
Сингапур компаниясы басшылығына бірлесіп әзірлеуге ұсынылған болашақ жобалардың толық тұсаукесері өткізілді. Талқылау соңында тараптар біріккен Жобалық-инжиниринг орталығын құру бойынша келісімге қол жеткізілді. Орталықтың негізгі міндеті қала құрылысы мен өнеркәсіптік салаларындағы бастамаларда озық тәжірибені енгізу. Атап айтқанда, «Жаңа Ташкент» ақылды қаланың бірінші кезеңінің бас жоспарын әзірлеу, сондай-ақ заманалық химия және фармацевтикалық өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру осылар қатарында. Орталық үшін білікті кадрлар Сингапур кәсіпорны тарапынан оқытады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.