Бағдарламада Қарақалпақстан облыс деп айтқан. Осы қатесі үшін «Ешлар» телеарнасы телекөрермендерден кешірім сұрады.
— Бүгін телеарнамыз қызметінде өте аз кездесетін қателікке жол берілді. Бүгін «Ёшлар» телеарнасы арқылы 12.05-те Қарақалпақстан Республикасынан дайындалған «Биз томонларда» бағдарламасы көрсетілді. Көрсетуде монтаж үдерісіндегі техникалық қателік себепті Қарақалпақстан Республикасының аты қате көрсетілген. Осы өрескел қателікке жол қойғаны үшін біз, "Ёшлар" телеарнасы ұжымы телекөрсермендерден кешірім сұраймыз. Қазір айыптыларға қатысты тиісті шаралар қарастырылуда, дейді телеарна ұжымы.
Хабарлауынша, бұл көрсету «Қарақалпақстан Республикасының» атауы түзетіліп, кеше сағат 18:33-те қайта көрсетілген.
Телеарнаның хабарлауынша, алдағы уақытта телеарнада бұл сияқты қателікердің қайталанбауы үшін қатаң шаралар көріледі.