«Юксалиш» қозғалысы мен «SODI» ұйымы ынтымақтастықта жаңа жобаны қолға алды

    Ағымдағы жылдың 11 апрелінде Өзбекстан беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдары Ұлттық ассоциациясының конференциялар залында «Әлеуметтік қорғауға мұқтаж, қиын жағдайда қалған және мүгедектігі бар жастардың әлеуметтік-экономикалық инклюзиясы» жобасының тұсаукесері өтті.

    Жобаны «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы тарапынан Германияның Solidaritätsdienst International e.V. (SODI) беймемлекеттік бейкоммерциялық е ұйымы және Ташкент қалалық «Умидворлик» мүгедек балаларға көмек көрсету орталығымен бірге жүзеге асырылуда.

    Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігі (BMZ) онда қаржылай көмекпен қатысады.

    Кедейшілікпен күрес және жұмыспен қамту министрлігі, Жастар ісі агенттігі және Өзбекстан волонтерлар ассоциациясы — ұлттық серіктестер ретінде атсалысады.

    Бұл жоба қиын жағдайға тап болған 18-35 жас аралығындағы жастардың (оның ішінде мүгедектердің) азаматтық құқықтарын жүзеге асыру және жеке және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұған олардың жеке, кәсіби, шығармашылық және коммуникативті дағдыларын дамыту арқылы қол жеткізіледі.

    Жобаның негізгі міндеттері:

    - Ташкент қаласында әлеуметтік қорғауға мұқтаж жастар үшін Әлеуметтік орталық құру;

    - Бенефициарларды қолдап-қуаттау бойынша жаңа қызметтерді ұсыну, толыққанды инклюзивті жанасу арқылы олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту;

    - Іс жүзіндегі мемлекеттік әлеуметтік қорғау институттары қызметінің тиімділігін арттыру механизмдерін әзірлеу;

    - Барлық мүдделі тараптармен байланысты орнату, жобаның барлық кезінде пікір алмасуды ұйымдастыру;

    - Жұмыспен қамту орталықтары, тұрғындардың мұқтаж бөлігін әлеуметтік қорғауға элемент ретінде істеп жатқан «Әйелдер» мен «Жастар» дәптерлері арасын байланыстыратын буын болу.

    Түрлі қиын жағдайға тап болған жастар үшін ұйымдастырылған Әлеуметтік орталық оларға әлеуметтік қызметкер, психолог, заңгер, IT- тренер, бизнес-кеңесші, қолөнер шеберінің қызметтерін тегін көрсетеді.

    Анна ГОСС, «SODI» халықаралық ұйымының директоры (Германия):

    – Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы ынтымақтастық жобамыз саналады. 2021 жылдың октябрь айында Өзбекстанда жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткіздік. Біз бірге әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жастарды инклюзивті қолдау үшін белсенді платформа құруды мақсат етіп отырмыз. Осыған байланысты бай тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Ынтымақтастық аясында көздеген мақсатқа ойдағыдай жетеміз деп ойлаймын.

    Тұсаукесерден кейін серіктес ұйымдар мен тиісті кеңселер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел сұхбаты өтті. Онда жобаның мақсаты мен міндеттері, жұмыс жоспарлары жан-жақты талқыланды.

    Әлеуметтік орталыққа жүгінгендерге қиындықтарды жеңіп, даму үшін арнайы бағдарлама ұсынылатыны айтылды. Сондай-ақ Орталық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Сенім телефоны» іске қосылады.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates