Зергерлік бұйымдарды өндірушілерге салық жеңілдіктері беріледі

    2027 жылдың 1 сентябріне дейін «Узбекзаргарсаноаты» бірлестігіне мүше болған зергерлік бұйымдарды жасайтын кәсіпкерлер мүлік және жер салығынан босатылуы мүмкін.

    Сондай-ақ шетелде өндірілетін асыл металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар мен тағы басқа да бұйымдарды кедендік төлемдерін төлегенін растайтын құжаттарсыз сатуға қою және бөлшек саудаға өткізуге тыйым салынады деп күтілуде.

    Бұл туралы Олий Мажлис Заң шығару палатасының мәжілісінде қаралған зергерлік өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған заң жобасын талқылау барысында айтылды.

    Атап өткендей, заң жобасында кейбір заң құжаттарында зергерлік бұйымдарды өндірушілердің бағалы металдарға деген сұранысын қамтамасыз ету, олардың дамытуы үшін қолайлы бизнес-ортаны құруға және заңнамада орын алған бюрократиялық кедергілерді ырықтандыруға бағытталған бірқатар өзгерістер мен қосымшалар енгізу ұсынылуда.

    Атап айтқанда, аффинаж кәсіпорындарына (құрамында бағалы металдар мен тастар бар шикізатпен жұмыс істейтін қызметі лицензия негізінде жүзеге асыратын кәсіпорындар) бағалы металдарды зергерлік бұйымдарды өндірушілер үшін қолайлы форма және көлемдерге әкліп сату және бағалы металдардан сувенер тенгелер дайындау және реализациялау құқығын беру көзделуде.

    Сондай-ақ зергерлік бұйымдарды өндірушілерге де өздері жасаған зергерлік бұйымдарының шикізат өнімдерін басқа өндірушілерге сату құқығы берілуде. Сонымен қатар, заңды және жеке тұлғалардан бағалы металдарды және зергерлік бұйымдарды сатып алу қызметі өкілетті органды хабардар ету тәртібімен жүзеге асырылатыны белгіленді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates