Бұл препарат Oмикрон штамына қарсы антиденелер шығара алады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Компания бір ай бұрын 3 дозалық вакцинаны алған 32 адамның 78 пайызында Oмикронға қарсы бейтараптандыратын антиденелер анықталғанын айтты.
32 адамның 16-сы екінші және үшінші дозаларды төрт айдан көп уақыт аралығында қабылдаған. Олардың барлығында Омикронға қарсы бейтараптандыратын антидене анықталды, бірақ антиденелер дәрежесі коронавируста байқалғанынан үш есе аз.