II Халықаралық мақам өнер форумы салтанатты түрде ашылды

    Билік 27 Iyun 2024 1137

    Жызақ облысының “Зомин” ауданында II Халықаралық мақам өнер конференциясы салтанатты түрде ашылды.

    Айтулы конференция Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған болып, алғашқы фестиваль 2018 жылы Шахрисабзда өткен болатын. Пандемияға байланысты кейінге шегерілген өнер конвенциясы биыл жаңаша рухпен қайта оралды.

    Ашылу салтанатында Президент Шавкат Мирзиёев сөз сөйлеп, мақам өнерінің тарихы мен маңыздылығына тоқталды.

    – Біздің көне тарихымыз, бай мәдениетіміз, байырғы құндылықтарымыздың символы болған мақам өнері өзінің терең философиялық мәні, қайталанбас көркемдік стилі және бай шығармашылық дәстүрімен рухани өмірімізде маңызды орын алады. Мақам жалпыадамзаттық құндылықтары биік сахналарда асқақтататын сирек өнер түрі ретінде өте қадірлі, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Мақам өнері мұсылман Шығысындағы Бірінші және Екінші қайта өрлеу дәуірінде өркендеп, өзінің шарықтау шегіне жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби «Музыканың ұлы кітабында» уд үні арқылы күйлердің теориялық және практикалық өлшемдерін тамаша реттеген. Әбу Райхан Беруни, Ибн Сина, Әлішер Науаи, Захириддин Мұхаммед Бабыр сынды ұлы ғұламаларымыз қайталанбас музыкалық туындылар жасап, мақам дамуына теңдессіз үлес қосты.

    XX ғасырда бұл дәстүрді Абдурауф Фитрат, Юнус Раджаби сынды өнертанушы ғалымдар Хаджихан Болтаев, Комилжон Отаниёзов, Турғун Алиматов, Фаттаххан Мамадалиев және басқа да хафиздер лайықты түрде жалғастырған.

    Мемлекет басшысы мақам өнерін сақтауда белгілі мемлекет қайраткері Шароф Рашидовтың сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті. Сол қиын-қыстау кезеңде Ташкент мемлекеттік консерваториясында мақам өнерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге және халықаралық деңгейде насихаттауға негіз қаланды. Мақом ансамблі құрылды. Өлмейтін «Шашмақом» жауһарлары нотаға түсіріліп, 6 томнан тұратын кітап жарық көрді.

    Классикалық музыканың гүлтәжі болған бірегей мақамдар ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілген.

    Мемлекет басшысының қоладуымен осы өнердің дамуы жаңа кезеңге көтерілді. Бүгінгі таңда Өзбекстанда бастауыш білімнен бастап академиялық деңгейге дейін үздіксіз зерттелуде. Ташкент қаласында Мақам орталығы салынып жатыр. Осы бағытта өнер көрсетіп жүрген композитор, әнші, күйшілерді қолдау мақсатында республикалық байқаулар өткізілуде.

    Осындай абыройлы да жауапты іске саналы ғұмырын арнаған өнер қайраткерлеріне Мемлекет басшысы бүкіл халықтың атынан шынайы алғысын білдірді.

    – Бұл фестиваль – ізгілік пен адамгершілік туының астына топтасқан, өнерді бар болмысымен сүйетін барша шығармашы жандардың ұлық мерекесі екені сөзсіз. Мақамдар әлемдік музыка әуесқойларының рухына қуат пен шабыттың сарқылмас қайнар көзі болсын, – деді Президент.

    Салтанатты шарада ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-сессиясының президенті Симона Микулеску, АЙСЕСКО-ның бас директоры Салим Мухаммад әл-Малик сөз сөйлеп, қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.

    Конференцияға сондай-ақ ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Султан Раев, Түрік мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейтімов, Түркия Президентінің Бас кеңесшісі Ялчин Топчу, Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Тәжікстан Президентінің әлеуметтік даму, мәдениет және қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Абдулла Рахмонзода, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсутов, Әзербайжан Мәдениет министрі Адил Габил ұлы Каримли қатысты. Жалпы, фестивальге Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка құрлықтарының 80-нен астам елінен 400-ге жуық қонақ қатысуда.

    Салтанатты шара классикалық әндерден құралған концертпен жалғасты.

    Фестиваль өтіп жатқан Зоминсой кешені мерекелік безендірілген. Кең аумақта Өзбекстанның бай мәдениеті мен тамаша қолданбалы өнерін көрсететін көрмелер ұйымдастырылған.

    Мемлекет басшысы шетелдік қонақтармен бірге осы қолөнер көрмелерін, фольклорлық ұжымдардың өнерін тамашалады.

    Конференция 30 маусымға дейін жалғасады. Соңында «Үздік мақам ансамбльі», «Үздік инструменталды орындаушы» және «Үздік әнші» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Сондай-ақ, мақам өнерінің теориялық және практикалық негіздеріне арналған халықаралық конференция мен дөңгелек үстелдер өтеді.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates