Ыстық аптаптан сақтану ережелерін білесіз бе?

    Мамандардың ұсыныстары бойынша күн ұруының алдын алу үшін сусыздануды, күніне 3 литр сұйықтық (сауытылған көк шай, газдалмаған минералды су, жеміс-жидек, майсыз сүтті сусындар) ішу қажет

    25 июньнен бастап елімізге жаздың ең ыстық мезгілі – «шілде» енді. Бұл ыстық маусымы 5 августқа дейін жалғасады.

    Бұл кезеңде күннің ұруын болдырмау өте маңызды. Өйткені күннің ұруы — қауіпті болғандықтан, сыртқы термал факторлардың әсерінен дененің жалпы қызып кетуі және қалыпты температураны сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде пайда болады.

    Мамандардың ұсынысы бойынша аптап ыстықтың алдын алу үшін сусызданудың алдын алу, күніне 3 литр сұйықтық (салқындатылған көк шай, газдалмаған минералды су, жеміс-жидек, майсыз сүтті сусындар) ішу керек. Тікелей күн сәулесінен аулақ болыңыз, қорғаныс кремдерін, көзілдіріктер мен қолшатырларды қолданыңыз.

    – Көшеге шыққанда ашық түсті табиғи матадан тігілген жеңіл киім киіп, ыстықтан сақтайтын бас киім кию керек, – дейді Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының директоры Даниёр Алимов. — Сондай-ақ майлы және қуырылған тағамдардан бас тартып, жемістер мен көкөністерді жеу ұсынылады. Тамақ тұзды болуы керек әрние.

    Өйткені ауа температурасы жоғары болған кезде адам ағзасынан натрийдің көп мөлшері шығады. Ең бастысы, 10:00 мен 16:00 аралығында күн сәулесі түсетін ашық жерлерде жүруге болмайды. Ауа температурасы жоғары болған кезде ауыр физикалық жұмысты шектеп, үй ішінде көбірек уақыт өткізген жөн. Кішкентай балалар, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар науқастар (жүрек-тамыр, эндокриндік, тыныс алу, зат алмасу және психикалық аурулар) күн ұруына көбірек бейім. Сондықтанда олар денсаулығын үнемі бақылауы маңызды.

    Жиі душ қабылдау ағзаның тыныс алу жүйесін жақсартады. Су бөлме температурасында болуы керек. Судың қатты салқындауына байланысты температураның кенет өзгеруі туберкулез ауруына жол ашады.

    Мұндай ыстықта кондиционерсіз қиын, әрине. Бірақ кондиционері бар бөлмеде оған қарама-қарсы отыруға тыйым салынады. Себебі, кондиционердің жұмыс істеген кезде салқын ауамен бөлмеге бактериялар еніп, созылмалы бронхит пен пневмонияны тудыруы мүмкін.

    Осы ұсыныстарды орындау денсаулығымызды сақтауға және ең бастысы, тамаша жаз мезгілін өткізуге көмектеседі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates