Жылыжайларды газбен қамтамасыз етуді өшіру жағдайы бойынша кәсіпкерлердің наразылығынан хабардар болған Шавкат Мирзияев шұғыл түрде аталмыш мәселені қарасытру үшін Әкімшілік басшысы Сардор Умурзақовқа тиісті тапсырмалар берді. Әкімшілік басшысының төрағалығымен өткен жиында жылыжайларға көгілдір отын беруді ескертусіз өшіру фактілеріне қатысты көптеген наразылықтар айтылды, атап айтқанда, 25 октябрь күні еліміздің түрлі аумақтарынан жылыжайы газдан ажыратылған кәсіпкерлер наразылық білдіріп, Ташкентте жиналғанына қатысты тиісті жауаптылар сынға алынды.
Бейнеселектордың бұл жолғы жиналысында Президент Әкімшілігінің басшысы Сардор Умурзақов мақта жинаудағы заңбұзушылықтарды сынға алды.