Телеарнаның хабарлауынша,
мұнай бағасының Дональд Трамп Иранмен
келісім жасалғанын және АҚШ-тың бұл елге қарсы теңіз блокадасын тоқтатқанын
мәлімдегеннен кейін мұнай бағасы төмендей бастаған.
Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,9 пайызға
арзандап, бір баррелі шамамен 84 долларды құрады. Ал Америка мұнайының бағасы 4,8 пайызға төмендеп, бір баррелі шамамен 81
долларға жетті. Егер мұнай бағасы осы деңгейде сақталса, бұл 2026 жылғы 4
наурыздан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш болмақ.
«Жұма күні мұнай бағасы соғыстың алғашқы
аптасынан бері алғаш рет бір баррель үшін 90 доллардан төмен түсті. Соған
қарамастан, бағалар АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарына дейінгі
деңгейге, яғни 70 доллардан төмен көрсеткішке әлі жеткен жоқ», — деп атап өтті
басылым.
Осыған байланысты мамандар мұнай базарындағы жеткізілімдерді тұрақтандыру үшін әлі де ауқымды
жұмыстар атқарылуы қажет екенін айтты. Ол үшін Ормуз бұғазындағы жағдайды
тұрақтандыру, бұғаз арқылы кемелердің кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету, Таяу
Шығыста мұнай өндіру көлемін қалпына келтіру, мұнайдың төтенше қорларын
толықтыру және зиян жеткізілген энергетикалық
нысандарды жөндеу қажет.
Мұнай сарапшыларының пікірінше, жалпы алғанда
мұнай бағасы белгілі бір уақыт бойы жоғары деңгейде сақталуы мүмкін. Баға бастапқыда
төмендеуі ықтимал болғанымен, сұраныстың қайта артуы, әсіресе төтенше қорлар
толықтырылғаннан кейін, оның қайта көтерілуіне алып келуі мүмкін, деп хабарлады
Kazinform.
Сарапшылар сондай-ақ Таяу Шығыстағы мұнай
ұңғымалары соғыс кезінде негізінен тоқтап қалғанын және олар қайта іске
қосылғаннан кейін өндірісті толық қалпына келтіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін
екенін атап өтті.