Қаулыға сәйкес, 2026/2027 оқу жылынан бастап:

 мемлекеттік және беймемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қызмет атқарып жүрген арнаулы орта білімді педагог кадрлар үшін:

аптасына 1 күн педагогикалық жоғары оқу орнында;

5 күн мектепке дейінгі білім беру ұйымында төлем келісімшарт негізінде аталмыш бағытта бакалавриат басқышында дуалды білім формасында оқу енгізіледі.

Бұл ретте оқуға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар  орта арнаулы білімі бар педагог кадрлар тест сынақтары негізінде қабылданады.

Дуалды білім беру формасындағы мектепке дейінгі білім беру бакалавриатына педагогикалық жоғары оқу орындарына тек тиісті аумақтарда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қызмет атқарып жүрген педагогтер ғана қабылданады.

2028/2029 оқу жылынан бастап Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің, ал 2029/2030 оқу жылынан бастап Мектепке дейінгі және мектептік білім беру министрлігі жүйесіндегі педагогикалық жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру бағдарламалары енгізілген бакалавриат білім беру бағыттарының бітіруші курс студенттеріне қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен қатар, өз қалауы бойынша кәсіби сертификаттау сынақтарына тегін қатысу мүмкіндігі беріледі.