— Әрине, бізде қысым жоқ.
Сондықтан ертең Португалияға қарағанда бізге оңайырақ болады деп ойлаймын.
Бізде тамаша команда қалыптасты. Бірінші ойыннан кейін өзімізге деген сеніміміз
одан әрі артты. Біз әлемдік додадағы дебютімізді жасап қойдық, енді жақсы
нәтиже үшін алаңға шығамыз.
Шомуродов қарсыластың
бірінші турдағы нәтижесіне ерекше мән бермегенін атап өтті.
— Біз қарсыласымыздың
бірінші турдағы ойынының нәтижесі туралы ойлаған жоқпыз. Қазір мұны талқылайтын
уақыт емес. Мүмкін, үшінші турдан кейін бұл туралы сөйлесерміз. Қазіргі сәтте
біз үшін ең маңыздысы — ертеңгі кездесу.
Тәжірибелі шабуылшы
Колумбияға қарсы матчтағы кемшіліктерден тиісті қорытынды жасалғанын да айтты.
— Колумбияға қарсы
бірінші таймда бапкердің нұсқауларын толық орындай алмағанымыздың салдарынан
кейбір қателіктерге жол бердік. Ертең ондай қателіктерді қайталамай, өз
ойынымызды көрсетуге, допты көбірек бақылауға және гол соғатын мүмкіндіктер
жасауға тырысамыз.
Шомуродов командадағы психологиялық ахуалдың да жақсы екенін жеткізді.
— Барлығы жақсы. Толқу болуы табиғи нәрсе, бірақ алаңға шыққан алғашқы
минуттардан кейін бұл сезім жоғалып кетеді.
Сондай-ақ, ол командаласы Aббосбек
Файзуллаевпен өзара түсіністіктің жоғары деңгейде екенін атап өтті.
— Біз Аббоспен клубта да бірге ойнаймыз, жаттығуларда да үнемі біргеміз.
Сондықтан бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз. Ең бастысы — бір команда болып,
жақсы нәтижеге жету үшін бар күшімізді салу болады.