Қаулыға орай, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап электротехника өнеркәсіпорындары үшін мынадай қолдау шаралары енгізіледі:

айналым қаражатпен қамтамасыз ету үшін несие банктері арқылы төмендегі шарттармен несиелер бөлінеді:

 «Сауданы дамыту компаниясы» акционерлік қоғамы (Компания) қаржылары  есебінен 2 жылға дейінгі мерзімге, оның ішінде 3 айлық жеңілдік кезеңімен, жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен (оның ішінде 2 пайыз — банк маржасы) бір кәсіпкерге 5 млн АҚШ доллар көлемінде;

несиенің 50 пайызына, бірақ 20 миллиард сумның эквивалентінен аспайтын мөлшерде, «Бизнесті кепілдендіру ұлттық компаниясы» АҚ есебінен кепілдік, қалған бөлігі бойынша кәсіпорын тарапынан  ликвидті мал-мүлік, сақтандыру полисі, экспорттық келісімшарт (болашақтағы ақша түсімдеріне талап ету құқығы негізінде) және/немесе қамтамасыз етудің басқа да түрлері ұсынылады;

биржалық сауда арқылы мыс шикізатын сатып алуда есеп-хисап жасаудың төмендегі тәртібі енгізіледі:

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 15 қазандағы ПҚ–304-санды қаулысының 6-пункітіне сәйкес бөлінген қаражаттың игерілмеген бөлігі есебінен Компания «Узсаноатэкспорт» АҚ-ға тікелей 40 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөледі;

биржалық саудада мыс шикізатын сатып алу кезінде 25 пайызын кәсіпорын өзі төлейді, ал қалған 75 пайызын «Узсаноатэкспорт» АҚ тарапынан 3 күн ішінде төлейді. Бұл ретте, бір кәсіпкерлік субъектісінің «Узсаноатэкспорт» АҚ алдындағы берешегінің 3 млн АҚШ долларынан асып кетуіне жол берілмейді;

кәсіпорындар «Узсаноатэкспорт» АҚ алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру полисін ұсынады;

«Узсаноатэкспорт» АҚ төлеген 75 пайыз көлеміндегі қаражат кәсіпорындар тарапынан 90 күн ішінде қайтарылады. Мұнда кешіктіріп төлеу мүмкіндігін берген әрбір күн үшін жылдық 6 пайыздық мөлшерлеме бойынша пайыз есептеледі.