Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасында Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, ынтымақтастықтың барлық бағытын дамытуға жол ашады.
Сондай-ақ рәсім барысында визалық талаптардан өзара босату, өнеркәсіптік кооперация, қаржы және экономика, жеңілдікті сауда, еркін экономикалық аймақтар, кеден, көлік-логистика, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялар, тұрғын үй және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және адами ресурстар, білім, мәдениет пен спорт, басқару және мемлекеттік қызмет, мұрағат ісі және басқа да салалар бойынша 30-дан астам құжатқа қол қойылды.