Кездесуге Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шейх Файсал әл-Равас, «SABCO Group» директорлар кеңесінің төрағасы Саид Халид бен Хамад әл-Бусайди, «Voltamp Energy» директорлар кеңесінің төрағасы Саид Айман әл-Бусайди, «Asyad Group» бас атқарушы директоры Абдурахман бен Салим әл-Хатми, «Zubair Corporation» компаниясы басқарма кеңесінің төрағасы Рашад Мұхаммед әл-Зубайр және «UzOman» компаниясының басшысы Омар Бахром қатысты.
Кездесуде Өзбекстан – Оман инвестициялық компаниясының жарғылық капиталын ұлғайту, сондай-ақ тау-кен өндірісі, «жасыл» энергетика, электротехника, химия, қала құрылысы, көлік және логистика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы мен басқа да перспективалы салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыс орнатуда жаңадан құрылып жатқан Өзбекстан – Оман іскерлік кеңесінің қызметі маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Кездесу соңында ұсынылған бастамаларды жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс тобын құру және атқарылған жұмыстардың нәтижесін әр тоқсан сайын талқылап отыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.