Оман Сұлтаны екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды нығайтуға, көпжақты ынтымақтастықты сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге қосқан зор үлесі үшін Президентімізді Сұлтандықтың ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Әл Саид» орденімен марапаттады.

Мемлекет басшымыз осындай жоғары марапат үшін Оман Сұлтанына шынайы ризашылығын білдіріп, бұл награданы бүкіл Өзбекстан халқына, елдеріміз арасындағы ежелден қалыптасқан достық пен берік ынтымақтастыққа көрсетілген зор құрметтің белгісі ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын елдеріміз арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дәйекті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Жоғары Дәрежелі Достық» орденімен марапаттады.

Атап өтілгендей, бұл марапат Оман Сұлтанының екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жолындағы күш-жігеріне Өзбекстан халқы мен мемлекеті тарапынан көрсетілген зор құрметтің айғағы.

Мемлекет басшыларының бір-бірін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттауы тараптардың көпжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға деген берік ұстанымын көрсетті.