Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, елорда тұрғындары мен қонақтары 27 мамыр күні метро мен автобустарды сағат 04:00-ден бастап пайдалана алады.
«Құрбан айт мерекесіне орай азаматтарға қосымша қолайлылық жасау мақсатында Ташкент қаласындағы автобус бағыттары мен метрополитен өз жұмысын сағат 04:00-де бастайды», – делінген хабарда.
Жолдардағы кептелістердің алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардан Құрбан айт намазына бару кезінде қоғамдық көлік қызметтерін пайдалану сұралды.