Президент Адмминистрациясының басшысы Саида Мирзияева Дүниежүзілік сауда ұйымының
бас директоры Нгози Оконжо-Ивеаламен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өзбекстанның ұйымға мүшелікке өту үдерісінің барысы және
алда тұрған соңғы міндеттер талқыланды.
Саида Мирзияева кездесуден кейін ДСҰ басшысына Өзбекстанның мүшелікке өту үдерісін
тұрақты түрде қолдап, сараптамалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс
білдірді.
«Бұл жолдың үлкен бөлігін артқа тастадық. Ендігі жерде қарқынымызды
бәсеңдетпей, бастаған жұмысымызды соңына дейін жеткізу өте маңызды», — деп
жазды ол.
Өзбекстанның ДСҰ-ға мүшелікке өту үдерісі аясында ұлттық заңнаманы ұйымның
ережелеріне сәйкестендіру және мүше мемлекеттермен келіссөздерді аяқтау бойынша
жұмыстар жүргізіліп жатыр.