Құжатқа орай, білім беру мекемелерінде биометриялық
кіру жүйелері, бейнебақылау камералары, «дабыл» түймелері және басқа да
заманауи қауіпсіздік құралдары кезең-кезеңімен енгізіледі.
Министрлер Кабинетінің 2026 жылғы 31 шілдедегі 425-санды «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің, беймемлекеттік
білім беру ұйымдарының және шетел
мемлекеттердің білім беру ұйымдары филиалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулыға орай, мемлекеттік білім беру мекемелерінде, беймемлекеттік
білім беру ұйымдарында және шетел мемлекеттердің білім беру ұйымдары
филиалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шаралар жүзеге
асырылады:
– білім беру ұйымдары қауіпсіздік деңгейіне қарай
санаттарға бөлініп, әрбір санат үшін күзет талаптары белгіленеді;
– мемлекеттік білім беру мекемелерінде интернет
желісінің жұмысына әсер етпейтін арнайы байланыс арнасы ұйымдастырылады;
– күзет сигнализациялары мен «дабыл» түймелері
кезең-кезеңімен орнатылып, Ішкі істер министрлігінің Күзет департаментінің
мониторинг жүйесіне ұланады;
– негізгі кіреберістерге биометриялық кіру-шығуды
бақылау жүйелері орнатылады, ал жиналған мәліметтер кемінде 3 ай сақталады;
– бейнебақылау жүйесі ғимараттың айналасын,
кіреберістерді, асхананы, «дабыл» түймелері орнатылған аумақтарды және қабат
дәліздерін толық қамтиды, бейнежазбалар кемінде 1 ай сақталады;
– көлік қозғалысы қарқынды жолдардың маңындағы білім
беру ұйымдарының айналасында жаяу жүргіншілерге арналған «жасыл дәліздер»
ұйымдастырылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады;
– күзет қызметкерлері арнайы оқу орталықтарында
даярланып, олардың біліктілігі тұрақты түрде арттырылып отырады.
Аталған қаулыда көзделген іс-шаралар 2026–2027 жылдар
аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.