Ташкент қалалық ІІББ-ның мәліметінше, шеру Ташкент әскери округі әскерлері мен аумақтық күштік құрылымдардың бірлесуімен ұйымдастырылады. Осыған орай 18 қараша күні сағат 10:00-ден бастап төмендегі бағыттардағы көшелер мен жол қиылыстарында көлік қозғалысы тоқтатылады:

Алмазар ауданындағы Ғалаба саябағының аумағы;

Сағбан — КХАЙ жол қиылысы;

Сағбан — Нурафшон жол қиылысы;

Сағбан — Фараби жол қиылысы;

Зарқайнар айналма жолы;

Әлішер Науаи және Фурқат көшелерінің қиылысындағы көпір үсті;

Ислам Каримов — Бунёдкор жол қиылысынан Халықтар достығы сарайына дейінгі жол бөлігі.

Шеру барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әскери құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметке тартылады.

Азаматтардан шеру кезінде жауапты қызметкерлердің заңды талаптарын орындау, ал жүргізушілерден аталған бағыттардағы шектеулерді ескере отырып, балама жолдарды пайдалану сұралды.