Кездесу барысында Өзбекстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы, атап айтқанда, парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Латвия Республикасының сыртқы істер министрі Э.Ринкевич Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзияевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан аймақтық саясатқа, сондай-ақ Орталық Азия аймағында тыныштық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерге жоғары баға берді.
Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастың соңғы жылдары тұрақты дамып келе жатқаны ерекше айтылды. Сонымен бірге, көптеген салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін қолда бар зор әлеуетті пайдалану қажеттігі айтылды.
Елдеріміз арасындағы жедел екіжақты саяси диалог пен белсенді, көпқырлы ынтымақтастық сындарлы және жасампаз сипатқа ие екені атап өтілді.
Тараптар барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды орын иелейтін мемлекеттер арасындағы парламентаралық байланысты одан әрі тереңдетуден, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келімідерді жүзеге асырудан өзара мүдделі екені расталды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.