Сұхбат басында Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовты БҰҰ-ның Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер бойынша үшінші конференциясын жоғары деңгейде өткізіп жатқаны үшін шынайы құттықтап, оның күн тәртібіне енгізілген мәселелер өңіріміздің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін ерекше атап өтті.

Биыл сәуір айында Самарқанд қаласында өткен кездесуде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Достық, өзара сенім және ортақ мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың қарқыны артып келе жатқаны атап өтілді.

Барлық деңгейде тиімді және белсенді диалогтар жалғасуда. Жыл басынан бері тауар айналымы 600 миллион долларды құрады. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл және су шаруашылығы, экономиканың басқа да салаларында кооперация кеңейіп келеді.

Бірлесіп «Шават-Ташауыз» шекара маңы сауда аймағы құрылып жатыр. Өңіраралық байланыстар мен гуманитарлық алмасулар жалғасуда.

Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық аясында үкіметаралық комиссиялардың отырыстары, Кәсіпкерлер кеңесі, Өңірлер форумы және бірқатар мәдени шаралар өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ БҰҰ конференциясының күн тәртібі және биылғы күзде Ташкент қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуі жөнінде де жан-жақты пікір алмасылды.