Кездесуде спорт саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, олимпиадалық қозғалысты қолдау, елде кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Кездесу басында Шейх Жауан бен Хамад әл-Тани Өзбекстан көшбасшысына Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл-Санидің сәлемін және ізгі тілектерін жеткізді.
Өзбекстан мен аталған халықаралық спорт ұйымдары арасындағы іс жүзіндегі серіктестік жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді.
Бүкіләлемдік жүзу федерациясымен әріптестікті нығайту, білікті мамандар даярлауға арналған бірлескен бағдарламаларды іске асыру, сонымен қатар Өзбекстанда су спорты түрлеріне арналған заманауи әрі қолжетімді инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, ел аумағында ірі халықаралық жарыстар, Азия Олимпиада кеңесінің Ассамблеясы және Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының маңызды іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.