Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен ресми сапармен елге келген Болгария Республикасының Президенті Румен Радев «Жаңа Өзбекстан» саябағына барды.
Жоғары мәртебелі мейманға Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов жолсерік болды. Болгария көшбасшысы Тәуелсіздік монументінің іргесіне гүл шоғын қойды.
Румен Радев бұл еңселі саябақтың салыну тарихымен танысты. Монументте бейнеленген ұлы ғұламалар, қаһарман қолбасшылар мен жаһангерлер, жәдит қозғалысының бабалары жайлы мағлұмат берілді.
Делегация мүшелері «Жаңа Өзбекстан» кешенінің идеялық және сәулеттік ерекшеліктеріне назар аударды. Бұл саябақтағы сирек кездесетін ағаштар мен гүлдер, амфитеатр, субұрқақтардың үйлесімі ерекше бағаланды.
Сапардың негізгі шаралары бүгін, 10 маусым күні өтеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел көшбасшыларының келіссөздері, ресми және іскерлік іс-шаралар өткізіліп, бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.
Болгария Президенті Румен Радев IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумына да қатысады.