30 маусым – Жастар күніне орай Ташкенттегі Халықаралық конгресс орталығында осы марапаты табыстау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы сөзінің басында жастарды Жастар күнімен құттықтады. Жастарды жоғары білімге оқыту, шетелдік университеттерге дайындау, жастардың стартаптары мен бастамаларын қолдау, оларды жұмыспен қамтуға қатысты маңызды ұсыныстарды ортаға салды. Кездесуде жастармен ашық сұхбат өтті.
Содан кейін Президент Шавкат Мирзиёев жастарға мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
– Жастық шақтағы қозғалыс – болашақтағы жетістіктің бастауы. Жас кезде тапқан дос – өмірлік серік, тірек және арқа сүйерің. Ешқашан ұмытпаңдар балалары білімді, дені сау, батыл әрі жігерлі, үнемі алға ұмтылатын халық пен мемлекеттің болашағы міндетті түрде жарық болады. Мен бүкіл Өзбекстан жастары дәл осындай қасиеттерге ие болсын деп тілеймін, – деді Шавкат Мирзиёев.
Марапатталған жастар мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер үшін шынайы алғыс айтып, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, халық сенімін ақтайтындарын жеткізді.
Іс-шарада мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, зиялы қауым мен ата-аналар да қатысты.