Шейх Мансур Әл Нахайян Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен мемлекеттік қызметінде үлкен табыс тіледі. Сондай-ақ БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед Әл Нахайян мен Абу-Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы Шейх Халид Әл Нахайянның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Өзбекстан мен БАӘ арасындағы достық және стратегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі нығайту, биылғы жылдың қаңтар айында Әмірліктерге жасалған жоғары деңгейдегі сапар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Басым бағыттар бойынша, әсіресе сауда-экономика, инвестиция, инновация және көлік-коммуникация салаларында практикалық ынтымақтастық кеңейіп жатқаны атап өтілді. Өзара сауда көлемі, бірлескен инвестициялық жобалар портфелі, бірлескен кәсіпорындар мен әуе қатынастары саны артып келеді. Жақын байланыстарды жалғастыру және алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге тыңғылықты дайындық жүргізудің маңыздылығы сөз болды.