Мемлекеттік комиссияның тиісті хабарламасымен жалпы орта білім беретін мектептердің 2025 жылғы 9-сыныпты бітірген оқушыларды 519 техникумның бірінде оқыту үшін my.edu.uz электронды платформасы арқылы онлайн тіркеу 10 августқа дейін (осы күні де) ұзартылды.

Түлектер мемлекеттік грант негізінде күндізгі немесе дуальді оқу  формаларына қабылданады. Сонымен қатар, олар 14 техникумда ұйымдастырылған халықаралық білім бағдарламасы бойынша да грант негізінде my.edu.uz платформасы арқылы оқуға құжаттарын тапсыра алады.

Оқу формасы– күндізгі бөлім.

Платформаға жүктелуі қажет болған ақпараттар:

  • Туу туралы куәлік немесе ID карта мәліметтері;
  • 3x4 көлеміндегі түсті фотосурет.