28 февральден 7 мартқа дейін 19 әуерейс ұйымдастырылып, соғыс болып жатқан жерлерден 4359 отандасымыз қайтарылды.
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің ақпарат беруінше, тағы бір әуерейс 7 март күні жүзеге асырылуы жоспарланған.
Польша аумағында еліміздің 350-ден астам азаматы қалып тұр. Олардың 80-і Польша мемлекетінің шекарасындағы жиналу пунктінде және 270-ке жуығы Катовице әуежайында орналастырылған.
Өзбекстанның Украинадағы елшілігі отандастармен тұрақты байланыста. Дипломаттар Украинаның түрлі аймақтарында, соның ішінде соғыс жүріп жатқан аудандарында азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.