Абдулазиз Камилов ШЫҰ АТҚҚ Атқару комитетінің директорымен кездесті

    2021 жылғы 7 декабрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ АТҚҚ) Атқару комитетінің директоры лауазымындағы миссиясын аяқтап жатқан Жумахон Ғиясовты қабылдады.

    Өзбекстан ұйымға мүше мемлекеттердің терроризим мен экстремизм және сепаратизмге қарсы күрестегі өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша ШЫҰ-ның негізгі органы болған Аймақтық терроризмге қарсы құрылым қызметіне үлкен мән беріліп жатқанын айту орынды.

    Министр Ж.Ғиясовтың ұйымды одан әрі дамыту және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықтағы қарқынын қамтамасыз етуге жеке үлес қосқанын жоғары бағалады.

    Өз кезегінде Ж.Ғиясов өз миссиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін жасалған қолайлы жағдайлар және ШЫҰ АТҚҚ Атқарушы комитетінің қызметіне көрсетілген көмек үшін Өзбекстан тарапына шынайы алғысын білдірді.

    2022 жылы 1 январьдан ШЫҰ АТҚҚ Атқару комитеті директоры лауазымында Өзбекстан өкілі Руслан Мирзаев өз қызметтін бастайды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates