Оған Комитет мүшелері, Сараптамалық топтың өкілдері, тиісті министрліктер, кеңселердің  басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыста Сенаттың кезектегі жалпы мәжілісінде қаралатын жоспарлы мәселелер, сонымен қатар «Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Заңы  бірінші талқыланды.

Заң  корпоративті  басқарылуын жетілдіру және мемлекеттің шаруашылық қоғамдарындағы жекеменшік қатысушыларымен  (акционерлер)  тең қатысуын қатамасыз етуге қаратылған  болып, дамыған елдердің озық тәжірибесі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстары негізінде дайындалғаны айтылды.

Сонымен қатар, бағалы қағаздардың орталық депозитіне Орталық банкте де есеп-шотын ашып, бағалы қағаздардың ұйымдасқан саудасында бағалы қағаздарға қатысты келісімдер нәтижелері бойынша ақша қаржыларының есеп-қисаптарын жүзеге асыру құқы берілуін көздеген  «Өзбекстан Республикасының Орталық банкі туралы»  және  «Бағалы қағаздар базары туралы» Өзбекстан Республикасының заңдарына өзгертулер енгізіледі.

Азаматтық кодекске унитарлық кәсіпорынды басқару органы ретінде бақылау кеңесін енгізуді көздейтін түзету енгізілуде. Бұл норманың іс жүзіне енгізілуі унитарлық кәсіпорын және оның иелері мүдделі жолда қызмет етуі және кәсіпорын басшыларының үстінен нәтижелі бақылау орнатуын қамтамасыз етеді.

 «Акционерлік қоғамдар мен акционерлердің құқықтарын қорғау туралы» Заңнан акционерлік қоғамдарды басқаруға мемлекет қатысуының арнайы құқығын («алтын акция») жояды, оның жойылуы әлеуметтік инвесторлардың жекешелендірілген кәсіпорындарға қызығушылығын арттыруға оң әсер етеді.

Сондай-ақ, кәсіпорындардың орта және ұзақ мерзімді (3-5 жылдық) даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету арқылы  оларды корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында «Акционерлік қоғамдар мен акционерлердің құқықтарын қорғау туралы» Заңда атқарушы органдардың және бақылау кеңестерінің өкілетттері мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзарту белгілеп қойылды.

Заң мемлекеттік қатысуындағы кәсіпорындарды басқаруда корпоративті басқарудың  озық тәжірибесін енгізу арқылы олардың тиімділігін одан әрі арттыруға қызмет етеді және бағалы қағаздар базарының негізгі инфрақұрылымының нысаны саналған Бағалы қағаздар орталық депозитарлық қызметінің жетілдірілуін қамтамасыз етеді.

Талқылау нәтижесінде Комитеттің тиісті шешімдері қабылданды.