Еліміздің Вашингтондағы елшілігінің хабарлауынша, делегация құрамында АҚШ Конгресіндегі «Өзбекстан бойынша кокустың» төрағасы, Миссисипи штатынан республикашы конрессмен Трент Келли және Өкілдер палатасының Жолдар және құралдар бойынша комитет мүшесі, Иллинойс штатынан республикашы конгрессмен Дэрин Лахуд және олардың қызметкерлерінен құралған.
Америкалық заң шығарушылар Өзбекстанда болған кезде Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасының басшылығымен, сондай-ақ республикамыздың министрліктері мен кеңселерінде екіжақты кездесулер өткізеді. Сапар барысында делегация еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен танысады, деп хабарлайды «Дунё» АА.
Естеріңізге сала кетейік, бұл сапар АҚШ Конгресі мүшелерінің Өзбекстанға 2017 жылдан бері жетінші сапары болмақ. Өткен жылы екі партияның бір топ америкалық заң шығарушылары елімізге екі рет келсе, олардың біріне Өкілдер палатасының сыртқы істер бойынша комитет төрағасы, Нью-Йорктік демократ конгрессмен Грегори Микс басшылық жасаған еді.