Бағдарламалық өнімдер және ақпараттық технологиялары технологиялық паркі (IT-парк)  тарапынан:

- Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарында IT-өндерісін дамыту, тұрғындарды жоғары табысты жұмыс орындарымен, заманалық кәсіптермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, аумақтарға ІТ-қызметтерді экспорттаушы кәсіпорындарды кеңінен тартуға бағытталған бағдарламаны (Zero Risk) енгізу;

- жергілікті базар үшін ІТ-қызметтер көрсету саласында қызмет көрсететін кәсіпорындарды халықаралық ІТ-базарына шығару, олардың экспорттық қызметін қолдап-қуаттау бойынша (Local to Global) жобасы іске асырылатын болады.

2024 жылы Германия мен Сауд Арабиясында негізгі қызметі жергілікті кәсіпорындар үшін IT- қызметтер бойынша тапсырыстарды тартуға қаталған ІТ-Park өкілеттігі (филиалы) құрылады.

IT-Park дирекциясына осы елдерде өкілеттіктер (филиалдар) қызметін жолға қою үшін 2027 жылдың 1 январына дейін әрбір өкілеттікке (филиалға) жылына 200 мың доллар эквивалентке дейін қаржыландыруға қаржы бөлуге рұқсат етілді.

Шетелдерде тұрақты түрде, сондай-ақ 2024 жылы АҚШ пен Германияда “Өзбекстан ІТ-күндері”  халықаралық шаралар өткізіледі.

Жалпы қызметтер көлемінде қызметтер экспортының үлесін жергілікті базар үшін, көрсетілетін қызметтер көлемімен салыстырғанда жоғары болған екі немесе одан көп шет мемлекеттерде жұмыс істейтін ұйымдарға IT-Park  резиденті мәртебесі берілді.

Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындарға IT-Parkінің  ұсыным хатына сәйкес:

- бос тұрған мемлекеттік жылжымайтын мүлік нысандары, Цифрлы технологиялар министрлігі жүйесіндегі ұйымдар және  IT-Park  филиалдарының мемлекеттік мүлік болған бос ғимараттары мен алаңдары  1 жылға дейінгі мерзімге тегін пайдалану құқығы негізінде беріледі;

- IT-Park сатып алған жаңа компьютер, басқа да  техникалық жабдықтар бір жылға дейін мерзімге тегін пайдалану құқығы негізінде, кейіншеліколар 3 ай мерзімге пайызсыз бөліп төлеу (сатып алу) шартымен беріледі;

- еңбекақы қаражаттарын еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің санына тепе-тең түрде бір жыл мерзімге 15 пайызға дейін мөлшерде өтеп беріледі;

- адам ресурстарын дамыту бағытында бір күнтізбелік жыл барысында бір кәсіпорынның мынадай шығындары өтеледі: өндірістік және басқару қызметкерлерін қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға (соның ішінде шетелдік мамандарды тарту есебінен) байланысты шығыстардың 50 пайызына дейін, бірақ БЕМ-нің 200 еседен көп болмаған бөлігі;

- жұмысқа орналастыру үшін білікті мамандарды анықтау бойынша көрсетілетін қызметтер құнының 50 пайызына дейін (мамандар санына сай түрде), бірақ БЕМ-нің 20 еседен көп болмаған бөлігі.

Бағдарламаға төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін IT-Park резиденті мәртебесіне ие болған  ұйымдар қатысады:

- жалпы қызмет көрсету көлеміндегі қызметтер экспортының үлесі жергілікті базар үшін көрсетілетін қызметтер көлемімен салыстырғанда жоғары болған ұйымдар;

- іс жүзінде 500 мың доллар және одан да көп эквиваленттегі экспорттық келісімшарты бар ұйымдар;

- жылдық айналымының мөлшері 1 миллион доллар эквиваленті немесе одан жоғары болған шетелдік компанияның құрылтайлығында құрылған жаңа ұйымдар.

Сондай-ақ құжаттапен 2024 жылы үшін цифрландыру саласындағы қызметтер экспорты бойынша мақсатты көрсеткіштер бекітілді.

Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 27 февралынан күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".