Негізінде, көліктердің өртенуінің көптеген себептері бар. Тәжірибеде жиі кездесетіндері бұл — электр сымдарының қысқа тұтануы және жанармайдың ағуы болып табылады.
Бензин және дизель отынымен жүретін көліктерде жанармайдың ағуын бірден байқау қиын. Егер двигатель суық жағдайда болса, салонда жанармайдың иісі де сезіледі. Бірақ двигатель қызған кезде жанармай өте тез буланып, оны байқау қиын. Бензиннің булары жанғыш, яғни өте кішкентай ұшқынның өзі өртке себеп болуы мүмкін.
Сығымдалған газ баллоны бар автомобильдерде жанғыш газдың көп мөлшері негізінен газ баллондардың техникалық ақауы, жарылуы, редуктор мен газ трубкасының істен шығуы салдарынан көп мөлшерде жанушы газ сыртқа шығарады. Бұл өз кезегінде, өрт пен жарылыс қаупін тудырады. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда салонда темекі шегуден, жанғыш заттарды тасымалдау кезіндегі абайсыздықтан өрт шығуы мүмкін.
Көлікте өрт шыққан жағдайда:
Кез келген жағдайда қобалжымау қажет;
Көлікті жол шетіне, адамдар мен ғимараттардан мүмкіндігінше алыс қойыңыз;
Двигательді өшіріңіз, «қол тежегішін» қолданыңыз және «101» нөмірі арқылы өрт сөндіру бөліміне хабарлаңыз;
Өрттің шығу көзін және өрттің көлемін бағалауға тырысыңыз;
Егер өрт жанармай багында немесе газ баллонында болса, одан алыстау қажет. Мұндай өртті сөндіруге тырысу қауіпті. Құтқарушылар келгенге дейін өрттің басқа көліктер мен ғимараттарға таралуын болдырмау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Егер өрт көліктің дивигатель бөлігінде болса, оны тәуелсіз өзіңіз сөндіруге болады. Капот ашқан кезде қызып, жанып кетуі немесе күйіп қалуы мүмкін. Сонымен қатар, капоттың ашылу оттегінің енуіне және өрттің одан әрі таралуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан өртті өшіруге дайын болып, шүберекпен капотты ашу ұсынылады;
Өрт сөндіргішті тікелей өртте қолдану және басқа жолаушылар мен жүргізушілерді көмекке шақыру қажет. Өртті сөндіру үшін торпақ, қар, арық суын да пайдалануға болады;
Сонымен қатар, отты киіз, көрпе, брезент, күрте және басқа да ауа өткізбейтін матамен жабуға болады. Тек мата тығыз жабылуы керек. Әйтпесе, өрт күшейе түседі.
Бірде-бір автокөлік өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан толық қорғалмаған. Өрттің шығуына үш элементті қажет етеді – жанғыш зат (жанылғы, жабдықтар және т.б.), тұтану көзі (электр тогы, жоғары температура сияқты) және оттегі талап етіліп, осы “өрт үш бұрышының” барлық элементтері автомобильдерде бар және шағын ақаулық та өртке себеп болуы мүмкін.
Сондықтан көліктерді техникалық жағдайда басқару, қозғалыс кезінде қырағылықты жоғалтпау, көлікте алғашқы өрт сөндіргіштердің болуын қадағалау қажет.