Азиз Воитов Венгрия ауыл шаруашылығы министрлігінің орынбасары және МАТЕ уинверситетітінің ректорымен кездесті

    Агросектор 2 Oktabr 2022 1268

    2022 жылғы 30 сентябрьде Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Воитов Венгрия ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Шандор Фаркашпен және Венгрия ауыл шаруашылығы және табиғи пәндер университетінің (MATE) ректоры Чаба Дюричпен болашағы бар келіссөздер жүргізді.

    Азиз Воитов пен Венгрия Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Шандор Фаркашпен кездесу барысында ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттары талқыланды.

    Атап айтқанда, Венгрия тарапы цифрландыру, мемлекеттік сатып алу жүйесі, субсидиялау, бағаны қалыптастыру, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы саласын сақтандыру, сондай-ақ Өзбекстанның астық өсірудің жергілікті технологиясы, астық шаруашылықтары мен қайта өндеу кәсіпорындарының қызметімен таныстыруға дайын екенін айтты. Тараптар мамандандырылған мамандарды тарта отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмысшы топтың платформасын жаратуға келісіп алды. Бірінші кездесуді 2022 жылдың соңына дейін өткізу жоспарлануда.

    Тараптар Өзбекстан Президентінің сапары аясында қол қою үшін маңызды құжаттар жинағын дайындады. Оларда бау-бақша, жылыжай шаруашылығы, картоп өсіру, жүзім шаруашылығы, балықшылық, сондай-ақ сақтандыру, аграрлық ғылым мен білім салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың барлық біріккен жоспарлары айқындалды.

    — Венгрия тұқым шаруашылығы, бау-бақша, балық шаруашылығы және басқа да салалардағы өзінің жетекші ғылыми-зерттеу істеріне және тәжірибесіне ие болып, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін болашақтағы серіктесі болып саналады, дейді көліссөздер кезінде Азиз Воитов. – Бүгінде Өзбекстан мен Венгрияның арасында ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығының жарқын нәтижесі ретінде Ташкент облысының АКИС орталығындағы Картоп орталығын атап өтуге болады.

    2021 жылы оның базасында Өзбекстанда топырақ-климаты жағдайында Венгрия картобының алты сұрпы сынақтан өткізіліп, 760 келі өнім алынды. Алты сұрыптың бесеуі болашағы бар сұрып ретінде Мемлекеттік реестрге енгізілген. Осы жылдың май айында 52 мың шағын түйіндер Ташкент облысы Бақша және көкөніс егіндері картоп ИТИ-да көбейту үшін елгілді, өзбек-венгер орталығының өзінде бұл сұрыптарды вируссыз in vitro көбейту ұйымдастырылды.

    Тараптар Өзбекстан-Венгрия орталығына келесі жылы іске қосылуы жоспарланған молекулалық диагностика зертханасын тиімді пайдалану бойынша оқыту бағдарламасын ұйымдастыруға көмектесуге келісті. Бұл жобаны тиімді жүзеге асыру үшін Венгрия ауыл шаруашылығы және табиғи пәндер университетінің (MATE) бас кеңесші етіп тағайындау ұсынылды.

    Азиз Воитовтың Венгрия ауыл шаруашылығы және табиғи пәндер университетінің (MATE) ректоры Чаба Дюричпен кездесуі сол күні Капошвар қаласында өткен ОТМ тарапынан ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен «Ауылдық аудандарды дамыту бойынша конференция» кезінде өткізілді.

    MATE – Венгрия мен Орталық Еуропадағы ең ірі ауылшаруашылық университеті саналады. Ол 2000 жылы екі мамандандырылған ЖОО біріктіру арқылы құрылған және бүгінде Будапештте, Дендеш, Капошварда және Кестхеяда кампустары, сондай-ақ 11 ғылыми-зерттеу институттары бар. Жоғары оқу орнында 16 522 студент (2 234 шетелдік студент) білім алады, профессор-оқытушылар құрамы 985 қызметкерден тұрады. 45 академиялық бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіледі.

    Кездесу барысында Венгрияның MATE университеті мен Орталық Азиядағы ең ірі саналатын Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті арасында академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Құжат біріккен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, біріккен зертханалық зерттеулер көлемін ұлғайтуға, механикаландыру, жүзім шаруашылығы, бау-бақша, азық-түлік қауіпсіздігі және басқа да салалар бойынша білім, мамандар мен студенттер алмасуға қызмет етеді. Сондай-ақ, бұл AKИС қасындағы картоп орталығының базасында Өзбекстан-Венгрия ынтымақтастығын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.