Бангладешпен көпқырлы ынтымақтастық дамытылады

    Бизнес 31 May 2023 929

    «Ўзчармсаноат» бірлестігінде Бангладеш инвесторларымен, ірі компаниялармен, сондай-ақ саладағы бизнесті дамыту, маркетинг бағыттарындағы мамандарымен кездесу өтті. Диалог күн тәртібіндегі негізгі тақырып өзара тиімді ынтымақтастық байланыстарды орнату болды.

    Инвесторлар атап өткендей, бүгінде Өзбекстан қарқынды дамып келеді және сыртқы саясатта ашық әрі прогматикалық жолды ұстанды. Экономиканы шетел валюта базарының либералдандырылуы еліміздің жаңа ірі жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін әлемге паш етуде. Бұл факторлар өзара тиімді сауда-инвестициялық ынтымақтастық орнатуға, елімізге барлық құрлықтардан бизнесмендерді елімізге тартуға жақсы көпір болып қызмет етуде.

    Кездесуде қонақтарға саланы мемлекет тарапынан қолдап-қуатталуы, кәсіпкерлікті дамыту үшін салық және кедендік жеңілдіктер туралы толық мағлұмат берілді. Көліктік-логистикалық мүмкіндіктері мен экспорттық базарларға ерекше назар аударылды. Бангладеш Өзбекстанды ТМД және Еуропа базарына шығатын парталы ретінде қарауда. Өзбекстан үшін Бангладешпен ынтымақтастықтың орнатылуы Азия және Океания елдерімен жаңа экспорттық байланыстар орнатуға, шетелге жеткізу көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Қонақтар атап өткендей, бүгінде Бангладеште шығарылатын барлық аяқ киім өнімдері экспортталады. Осы себепті ел өз қажеттіліктерін импорт есебінен өтеп отыр. Елдегі 170 миллионнан астам адам басқа елдерден әкелінген аяқ киімді сатып алуға мәжбүр. Өнеркәсіп саласы да осындай жағдайда. Кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін көп мөлшерде шикізат пен былғарыны импорттайды. Өзара тиімді сауда байланысының жолға қойылуы Өзбекстанға дайын және жартылай фабрикаттарды экспорттауға үлкен базарды ашады.

    Ынтымақтастық Өзбекстанның кадрлық әлеуетін күшейтуді де көздейді. Бангладеш компаниялары негізінен әлемдік брендтермен жұмыс істейді. Өндіріске халықаралық талаптар мен сапа стандарттары енгізілген. Осы орайда, олар тәжірибе алмасу үшін білікті технолог, инженер және конструкторларды Өзбекстанға жіберілетінін хабарлады.

    Қонақтар еліміздің әр өңірінде болып, Өзбекстан кәсіпорындарындағы өндіріс үдерісімен және өнім сапасымен тікелей сол жерде танысуға ниетті.

    Сондай-ақ тараптар екі елдің өнеркәсіптік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өзара іскерлік миссияларды ұйымдастыруға, сонымен қатар кәсіпорындарға іскерлік-турлар ұйымдастыруға және инвестициялық сондай-ақ экспорттық келісімшарттар жасасуға келісті.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен Бангладеш арасында былғары-аяқ киім өнеркәсібіндегі көпжақты серіктестікті нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates