Сұхбат барысында Өзбекстан мен ЭЫҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы талқыланды. Ұйым аясында аймақтық ынтымақтастықты дамыту, оның жаһандық беделін арттыру жөнінде пікір алмасылды.
Х.Нозири Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен «ЭЫҰ-да өзара байланыстылықты нығайту жылы» деп жарияланған 2022 жыл ішінде Ұйымда Өзбекстанның белсенді және мазмұнды төрағалығын атап өтті. Өзбекстан Басшысының ЭЫҰ-ның Ашхабад саммитінде алға қойған бастамалары орындалуы құрылмның қызметіне күшті серпін беріп және жаңа «өсу нүктесі» болатынына сенім білдірілді.
Өзбекстан Республикасының төрағалығымен өткізілген шаралардың, сондай-ақ Аумақтық жоспарлау Кеңесінің мәжілісі, ауыл шаруашылығы және туризм министрліктері басшыларының кездесулері, қайта тіктелетін энергия көздері жөніндегі кездесулер мен т.б. маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар “ЭЫҰ болашақтары 2025-те” белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін Ұйым аясындағы өзара ынтымақтастық әлеуетін, әсіресе сауда, инвестиция, транспорт-коммуникация, энергетика салаларында одан да тиімді пайдалану қажеттігі туралы жалпы пікір білдірді.
Жиналыста, сондай-ақ Ташкентте өтетін ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиналысы, сондай-ақ Өзбекстан төрағалығы аясында өтетін басқа да шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұндық жақтары да талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.