Оқырмандар саны мен аудиториясы көп бірнеше Интернет-блогтары арқылы Қашқадария өлкесіндегі техногендік қауіптің салдарынан орын алған апаттың бейнежазбалары түрлі талқылаулар мен сипаттамалармен кеңінен таралуда.
Өзбекстан Республикасы Президентінің Администрациясы құзырындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі әлеуметтік желілерде және Интернет алаңында қоғамға кері әсер ететін, сондай-ақ, өрескел әрекеттерге насихаттаушы немесе үндейтін хабарламаларды тарату Өзбекстан Республикасының заңдылығына қайшы екенін ескертті.
«Ақпарат туралы» Заңның 12 (1)-бабына сәйкес, сонымен қатар, блогер барша еркін пайдалануы мүмкін болған ақпарат орналастырылатын Интернеттің ғаламдық ақпараттық желісіндегі өз веб-сайтыннан немесе веб-сайт парақшасынан ... қатыгездікті... бейнелейтін материалдарды таратуға тыйым салынған.
Сондай-ақ, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 189 (1)-бабы және Қылмыстық кодекстің 130 (1)-бабында мұндай хабарламаларды таратқаны үшін айыппұл салу немесе мүжбүрлі қоғамдық істерге тартылады немесе 3 жылға дейінгі ақылақтық түзету істері бойынша жауапкешілікке тартылуы белгіленген.
«Жоғарыда аталған апаттың егжей-тегжейлерін дәйекті түрде әлеуметтік желі арналарына ескертулер жіберілгеніне қарамастан, ашық көрсетілген кадрлар әлі де таралуда.
Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі өз өкілеттігі шеңберінде барлық әлеуметтік желілердегі арналар мен парақшалардың әкімшіліктерін, кең жұртшылық өкілдерін қолданыстағы зыңдылыққа мойынсұнуға шақырды. Заң талаптары сақталмаған жағдайда, тиісті шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына хабарласады!», - делінген ресми хабарламада.