Сұхбат кезінде Ғ.Фозилов Бағдарлама өкілдерін БҰҰДБ-ның Өзбекстанда жұмыс істей бастағанына 30 жыл толуымен құттықтап, оның еліміздегі қоғам өмірінің түрлі жақтарын қамтитын жобалық қызметін жоғары бағалады.
И.Живкович Өзбекстанға тығыз ынтымақтастық пен Ұйымның еліміздегі қызметін тұрақты қолдап-қуаттағаны үшін алғыс айтты.
Өзбекстан мен БҰҰДБ арасындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Келіссөздер барысында 2030 жылға дейінгі Тұрақты дамудың күн тәртібі мен Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында нақты біріккен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.
Климаттың өзгеруіне қарсы күресу, қоршаған ортаны және биоәралуандылықты қорғау, атап айтқанда, Арал теңізі экологиялық апатының жағымсыз салдарына қарсы күресу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.