«Uzbektourism.uz» порталының хабарлауынша, кездесу барысында болгариялық қонақ Өзбекстанда туризм саласы үшін жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер, сондай-ақ туризм саласын дамыту стратегиясының негізгі бағыттарымен жақыннан таныстырылды.
Министр Зариса Динкова қазірде Болгария туризмді дамытуға үлкен көңіл бөліп отырғанын және бұл бағытта Өзбекстанмен ынтымақтастық жасау маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында, тараптар өзара туристік көрмелерге қатысуды кеңейтуге, туризм бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнатуға көмектесу, ынтымақтастықта жарнамалық шараларды өткізуге келісті, деп хабарлайды «Дуне» AA.