Биылғы «Жасыл кеңістік» жобасы аясында қанша көшет отырғызылғаны белгілі болды

    Жасыл планета 21 Dekabr 2023 1126

    АОКА-да Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ақпараттық қызметінің басшысы Лола Рахмонбоеваның қатысуымен өткен брифингте осы жөнінде толық ақпарат берілді.

    Жоба аясында республика аумақтарында жалпы 91 миллион түп, яғни жоспарланған ағаш көшеттері 107 пайызға егілгені айтылды.

    Ташкент облысы Бостандық ауданының таулы және таулы аймағының 580 гектар жерге министрліктер, мекемелер мен коммерциялық банктер, Ташкент облысы және Ташкент қаласы әкімдіктері 320 мың түп түрлі сәндік және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылып, жаңа бақтар пайда болуда.

    Бұдан тыс, бар 196 қоқыс полигонының айналасына тез өсетін ағаш түрлерін өсіру жобасы әзірленіп, бүгінгі таңда 182 мың түп көшет отырғызылды.

    Қоршаған ортаға әсер ету қауіпі бойынша І және ІІ санаттағы өнеркәсіпорындары тарапынан «жасыл белбеу» құру мақсатында 1 миллион 873 мың көшет, орман қорының жерлеріне орман жасау мақсатында 5 миллион 186 мың түп ағаш көшеті отырғызылғанын айта кеткен жөн.

    Негізінен, суару жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде 893 су шығару ұңғымалары қазылып, 1058,7 шақырымға суару жүйелері енгізіліп, су көздері жоқ аумақтарға көшеттерді суаруға 610 арнайы техника жұмылдырылды.

    Биылғы жылдың күзгі маусымында Орман шаруашылығы агенттігі әрбір махаллаға 200 түп – жалпы 2 миллион түп, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 836 мың түп, Экология министрлігінен денсаулық сақтау мекемелеріне 900 мың түп көшет тегін берілді.

    Орман шаруашылығы агенттігі тарапынан орман қорының шөл аумақтары, яғни Арал теңізінің суы тартылған түбі мен Арал бойы аумағына бүгінге дейін 198 мың гектар, яғни Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ ауданында 128 мың гектар, бұхара облысында 40 мың гекатар, Науаи облысында 20 мың гекатр және Хорезм облысында 10 мың гекатар жерге «жасыл жамылғылар» жаратылды.

    Осыған жалпы 856 тонна шөл өсімдіктерінің тұқымы жиналды. Орман шаруашылығында климаттық жағдайларға қолайлы ағаш пен шыбық түрлерінен 150 га жерге ағаш-шыбық және көшет өсіру ұйымдастырылды.