Ташкент қаласы аумағындағы ағаштарды цифрландыру арқылы олардың төлқұжаты жасалады

    Жасыл планета 24 Noyabr 2023 1650

    Ағаштарды паспорттау төмендегі басқыштарда жүзеге асырылады:

    Жарыққа орай, «Жасыл кеңістік» жалпыұлттық жобасы аясында тәжірибе ретінде Ташкент қаласы аумағындағы ағаштарды цифрландыру арқылы төлқұжат жасалады.

    1-кезең (2024 жылдың 1 мартына дейін) – бар ағаштар толығымен тіркеуден өткізіліп (жеке тәртіптегі тұрғын үйлер аумағындағы ағаштарды қоспағанда);

    2-кезең (2024 жылғы 1 ноябрьге дейін) – тіркеу нәтижесіне орай анықталған ағаштардың түрі, жасы, биіктігі, жай-күйі және орналасу координаттарын көрсететін мәліметтер базасы қалыптастырылады;

    3-кезең (2024 жылдың 31 декабрьге дейін) – мәліметтер базасы негізінде «Жасыл кеңістік» электронды платформасында әрбір ағашқа төлқұжат жасалып, ID саны беріледі.

    Эксперимент нәтижелері орай, республиканың басқа аймақтарында да ағаштардың төлқұжатын енгізу жоспарлануда.

    Жарлықпен 2024–2028 жылдарда Аралбойы аумағын тұрақты дамыту, инновациялар мен жасыл технологияларды кеңінен енгізу бойынша ұлттық бағдарлама бекітілді.

    2024 жылдың 1 мартынан бастап:

    жаңадан құрылатын, биіктігі жер бетінен 12 метр биік және (немесе) жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын ғимараттар мен кешендер, егер оларға тоқтау аумақтардағы жерлердің кемінде 25 пайызы көгалдандыру алаңына бөлінбеген және оларда көгалдандыру шаралары жүзеге асырылмаған жағдайда, мемлекеттік мемлекеттік қабылдау комиссиясы тарапынан қабылданбайды;

    қоршаған ортаға әсер етудің І және ІІ санаттарына жататын өнеркәсіпорындардың жобалық құжаттары бойынша берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларында өз және тұтас аумақтарда “жасыл белдеу” жарату және көгелдандыру іс-шараларын жүзеге асыру міндетті болған талап белгіленеді.

    Жарлыққа сәйкес, төмендегілер ұйымдастырылады:

    - Орталық Азия қоршаған орта мен климаттың өзгеруін зерттеу университетінің (Green University) жанындағы Қоршаған ортаны және табиғатты қорғау технологиялары ғылыми-зерттеу институтында Өсімдіктер мен жануарлардың әлемдік гендік қоры мәселелері зертханасы;

    - Университет жанындағы Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүйесінде:

    «in-vitro» зертханасы және оның аймақтық бөлімшелері;

    «Орман тұқымдық орталығы» мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық (Қарақалпақстан Республикасы, Ферғана, Бұхара, Самарқант, Қашқадария облыстары) бөлімшелері;

    «Жасыл аймақ» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнында арнайы заңды тұлға ұйымдастырмаған жағдайда Ағаш аурулары мен зиянкестеріге қарсы қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates