Бұхара облысында Бахоуддин Нақшбанд ғылыми-зерттеу орталығы құрылады

    Діни-ағарту саласында білім, ғылым және ғылыми зерттеулерге қатысты қызметті үйлестіру үшін кеңес құрылады.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың ар-ождан еркіндігі құқықтарының кепілдіктерін одан әрі нығайту және діни-ағарту саласындағы реформаларды жаңа кезеңге шығару іс-шаралары туралы» жарлығында айтылды.

    Үйлестіру кеңесі діни-ағарту саласындағы білім, ғылым және ғылыми зерттеу істерінің барлық үдерістерін үйлестіру мәселелеріне жауапты консультативтік-кеңесші органы саналады.

    Кеңес төмендегі ұйымдардың білім беру және ғылыми-зерттеуге қатысты қызметін үйлестіреді:

    • Өзбекстандағы Ислам өркениетінің орталығы;
    • Имам Бұхари халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы;
    • Имам Мотуридий атындағы халықаралық зерттеу орталығы;
    • Өзбекстан халықаралық исламтану академиясы;
    • басқа да діни-ағарту орындары.

    Сондай-ақ, Конфессиялар істері жөніндегі кеңестің қызметі жетілдіріліп, оның құрамына саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері, дінтанушы ғалымдар мен мамандар бақылаушы ретінде енгізіледі.

    Жарлыққа сәйкес, Бұхара облысында Бахауддин Нақшбанд ғылыми-зерттеу орталығы құрылады.

    Ұлы бабамыз Бахауддин Нақшбанд пен нақшбандий тариқаты ғұламалардың жоғары адамилық идеяларын ғылыми негізде зерттеу және осы орталықтың негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.

    Имам Мотуриди халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы Министрлер Кабинетіне өткізілді.

    Ол исламтану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізіп, дінге қатысты болған үдерістерді сараптайтын жүзеге асыратын ғылыми мекеме ретінде белгіленді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates