Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың ар-ождан еркіндігі құқықтарының кепілдіктерін одан әрі нығайту және діни-ағарту саласындағы реформаларды жаңа кезеңге шығару іс-шаралары туралы» жарлығында айтылды.

Үйлестіру кеңесі діни-ағарту саласындағы білім, ғылым және ғылыми зерттеу істерінің барлық үдерістерін үйлестіру мәселелеріне жауапты консультативтік-кеңесші органы саналады.

Кеңес төмендегі ұйымдардың білім беру және ғылыми-зерттеуге қатысты қызметін үйлестіреді:

  • Өзбекстандағы Ислам өркениетінің орталығы;
  • Имам Бұхари халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы;
  • Имам Мотуридий атындағы халықаралық зерттеу орталығы;
  • Өзбекстан халықаралық исламтану академиясы;
  • басқа да діни-ағарту орындары.

Сондай-ақ, Конфессиялар істері жөніндегі кеңестің қызметі жетілдіріліп, оның құрамына саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері, дінтанушы ғалымдар мен мамандар бақылаушы ретінде енгізіледі.

Жарлыққа сәйкес, Бұхара облысында Бахауддин Нақшбанд ғылыми-зерттеу орталығы құрылады.

Ұлы бабамыз Бахауддин Нақшбанд пен нақшбандий тариқаты ғұламалардың жоғары адамилық идеяларын ғылыми негізде зерттеу және осы орталықтың негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.

Имам Мотуриди халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы Министрлер Кабинетіне өткізілді.

Ол исламтану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізіп, дінге қатысты болған үдерістерді сараптайтын жүзеге асыратын ғылыми мекеме ретінде белгіленді.