Дайын былғары, аяқ киім, елтірі, қаракөл және жергілікті өнімдерден құралған экспозиция Ресей, Қазақстан, Беларусь сияқты елдердің компанияларында үлкен қызығушылық тудырды.
Үш күнге созылған көрме аясында «Узчармсаноат» бірлестігінің басшылығы мен жергілікті кәсіпорындарымыз бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Ресейдің «Техномет» компаниясы біздің елден ерлер, балалар және әйелдер аяқ киімдерін сатып алу бойынша ынтымақтастық бастамасын білдірді. Ресей базарына жеткізуде дистрибьюторлық өкілеттігін алу мақсатында болған компаниямен экспорт-импорт мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Беларусь Республикасының «МЕДБЕЛРОС» компаниясы Өзбекстан кәсіпорындарымен ортопедиялық аяқ киім өндіру бойынша жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде келіссөздер жүргізді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және инновация-инфрақұрылым басқармасы Өзбекстаннан дайын жүн және былғары бұйымдарын сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы жүн шикізат базасының кеңдігіне байланысты осы өңірде Өзбекстанмен бірлесіп жаңа біріккен кәсіпорын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп ұйымы еліміздің кәсіпкерлерінен дайын аяқ киім өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты Өзбекстанның бірқатар кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізілді.
Үш күнге созылған көрме барысында 2023-2025 жылдар барысында Өзбекстаннан дайын аяқ киім мен былғары бұйымдарын серіктестерге жеткізу бойынша жалпы құны 7 миллион долларды құрайтын сауда келісімдеріне қол қойылды. Сондай-ақ, Ресейдің компаниялармен 16,5 миллион долларға инвестициялық келісімдерге қол қойылды.
Жалпы сумманың 13,5 миллион доллары Ресей капиталы. Мәселен, Ресейдің «Технолюкс» компаниясымен Ташкент облысында жылына 120 мың жұп балалар аяқ киімін шығаратын қуатқа ие жаңа кәсіпорын іске қосылмақ. Сондай-ақ, Әндіжан облысында Ресейдің «Мосез ИН» компаниясымен жылына 50 мың жұп аяқ киімнің үстінгі бөлігін шығаратын біріккен жобаны жүзеге асыру белгіленген, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.
Биылғы халықаралық өнеркәсіп көрмесі де тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнату және экспорттық келісімшарттарға қол қою үшін қолайлы іскерлік платформа болды.