Былғары аяқкиім өнеркәсібіндегі маркетинг: Брендтер оны қалай пайдалану керек?

    Бизнес 19 Oktabr 2022 1979

    «Узчармсаноат» бірлестігінде Бангладеш Республикасының «Best Sourcung» компаниясының негізін қалаушы Мехди Махбубпен кездесу өтті. Кездесу барысында еліміздің былғары-аяқкиім және елтірі кәсіпорындарының маркетингтік қызметінде Бангладеш тәжірибесін пайдалана отырып, жұмысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

    Айта кету керек, бүгінде барлық салада болғаны сияқты былғары-аяқкиім бағытында да серіктестерді табуда, экспорт географиясын кеңейтуде және инвестицияны белсенді тартуда әрине маркетинг үлкен рөл атқарады.

    Бангладеш тәжірибесі көрсеткендей, тиімді маркетингтің арқасында бүгінде бұл елде өндірілетін былғары аяқкиім өнімдерінің экспорттық көлемі 1 миллиард доллардан асады. «Nike», «Puma», «Calvin Klein», «Wrangler», «H&M», «Target», Испанияның «Zara» сияқты әлемге әйгілі брендтердің өндірістік кәсіпорындары Бангладеште орналасқан.

    Сұхбатта еліміздің былғары-аяқкиім өнеркәсібіндегі маркетингтік қызметті одан әрі арттыру, шетелге шығаруда базарды үйрену және оны талдау бойынша Бангладеш кәсіпорындарының пайдаланатын маркетингтік үдерістерін қолдану және баерлар бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды. Бұл бағытта «Best Sourcung» компаниясымен тығыз ынтымақтастық жасау жоспарлануда.

    Айта кету керек, қазіргі уақытта Бангладеште аяқкиім және былғары бұйымдарын өндіру үшін жартылай фабрикаттар мен дайын былғары шикізаты жеткіліксіз. Кездесуде Өзбекстаннан аталмыш елдерге жергілікті кәсіпорындарымызда өндірілген былғарының «Wet-Blue», «Krast», «Finish» түрлерін осы елге экспорттау мәселесі де сөз болды.

    Өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында екі елдің бизнес өкілдерінің делегациялары үшін іскерлік турлар ұйымдастыру бастамалары да көтерілді. Нәтижесінде Өзбекстан кәсіпорындары Бангладештің маркетингтік және өндіріс мүмкіндіктерімен танысып, Бангладештен келген инвесторлар мен сатып алушылар Өзбекстаннан дайын былғары және аяқкиім өнімдерін экспорттау мүмкіндіктерін қарастыруда.

    Сонымен қатар, өнім өндіру үшін қажетті қосалқы бөлшектер, химиялық құралдарды Өзбекстанның өзінде даярлауды кеңейту бойынша іс жүзіндік ұсыныстар жасалды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates