Анықтама үшін: China Energy 2017 жылдың ноябрь айында құрылған және штаб-пәтері Пекинде орналасқан, Қытайдағы ең ірі энергетика және тау-кен компаниясы. Ол көмір өндіру, жылу, жел, күн және су энергиясын өндіруге, сондай-ақ мұнай-химия, теміржол және теңіз көлігі, логистика және қаржы салаларында қызмет көрсетуге мамандандырылған. Компания әлемдегі ең ірі 100 компанияның қатарына кіреді, оның қаржылық айналымы 240 миллиард доллар, ал қызметкерлер саны 338 500 адамнан асады. Оның әлемнің 147 елінде 206 филиалы бар.

Жиында Қашқадария және Бұхара облыстарында жалпы қуаты 1000 МВт тең болған фотоэлектр станциялары мен Самарқант облысында қуаттылығы 3 миллион тоннаға тең цемент зауытының құрылыс жобаларын жүзеге асыру барысы жан-жақты қаралды.

Тараптар бұл нысандарды тезірек іске қосудың маңыздылығын атап өтіп, үстіміздегі жылы 400 МВт қуатқа ие фотоэлектр станциялары мен цемент зауытын, ал қалған 600 МВт қуаттарды келесі жылдың соңына дейін іске қосу үшін бар күш-жігерін салуға келісті.

Бұл ретте, қайта тіктелетін энергия көздері бағытында жаңа жобаларды іске асыру болашағы, сондай-ақ жаңа өндіріс орындарының қуатын ұйымдастыру және химия өнімдері өндірісін ұлғайту туралы конструктивті түрде пікір алмасылды, деп хабарлады Инвестициялар, өнеркәсіп және индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.

Қытай тарапы өңірлердегі энергетикалық жүйелерді одан әрі жаңғырту және «жасыл» энергия өндірісі саласындағы мамандарды даярлау жоспарларымен бөлісті. Компанияның инфрақұрылымды дамыту саласындағы инновациялық әзірлемелерді қолдану аясында кеңестер мен техникалық көмек көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.