«Condor Energies Inc.» компаниясымен ынтымақтастықта ірі жоба жүзеге асырылмақ

    Өнеркәсіп 2 Fevral 2024 1939

    «Ўзбекнефтгаз» АҚ мен «Condor Energies Inc. (Канада) компаниясы арасында табиғи газды қазып алу және қорлардың көлемін арттыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

    Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Газли аймағындағы 8 газ конденсаты кендерінде көмірсутектерді қазып алуды арттыру бойынша қызмет көрсету.

    Бұл жобаның жүзеге асырылуы табиғи газ өндірісін ұлғайтуға және оны республиканың ішкі базарына жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ карбонат ангидрид қалыдықтарын азайтуға мүмкіндік береді.

    «Condor Energies Inc.» Орталық Азия мен Түркияда өз жобаларын жүзеге асыратын халықаралық энергетикалық компания саналады. Атап айтқанда, компания Орталық Азиядағы алғашқы сұйытылған табиғи газ өндіретін зауытты іске қосу және Қазақстанда литий тұзды суды шығару жобасын жүзеге асыруда.

    «Condor Energies Inc.» президенті және Бас атқарушы директоры Дон Стрю Өзбекстанда табиғи газды қазып алу және қорларын кеңейту бойынша «Ўзбекнефтгаз» АҚ-ның стратегиялық операциялық серіктес ретінде таңдалғанына ризашылығын білдірді.

    Компанияның жоспары кендерді қазып алу мен оңтайландырудың озық технологияларын енгізу, сондай-ақ қалдықтарды азайтуды өз ішіне алады, деп хабарлайды «Ўзбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, «Өзбекстан мұнай және газ — OGU 2023» халықаралық 25-мерейтой көрмесінде Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігі, Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі, «Ўзбекнефтгаз» АҚ және «Condor Energies Inc.» ортасында Газли аймағында орналасқан кен орындарында көмірсутектерді өндіруді ұлғайту жобасын жүзеге асырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойған еді.