Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында күннің бірінші жартысында өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), Ферғана аумағында күшті жаңбыр жауады.

Қарақалпақстанда, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде. Сұрхандария, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында 22-27 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 4-7 градустан жоғары болмайды.

Сенбі күні тек Ферғана өлкесіндегі облыстарда, сондай-ақ республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (негізінен қар түрінде) болады. Ауа температурасы түнде 2-3 градусқа, күндіз 5-10 градусқа дейін төмендейді.

Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде құрғақ және қалыпты жылы ауа райы күтіледі, тек Қарақалпақстанның солтүстігінде кей жерлерде аздаған қар жауады. Ауа температурасы түнде -2-3 градус, күндіз -7-12 градус болады.

18-19 март күндері республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында сел келуі қауіпі бар.

Осы күндері еліміздің таулы аймақтарында қар көшкіні болу қаупі бар, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметінің орталығы.